Шығыста жел, оңтүстікте шаңды дауыл: Қазгидромет сәуірдің 3-і күнгі ауа райы болжамын жариялады

0 1

 «Қазгидромет» РМК-сы 3-ші сәуірдің күн күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ксәіпорын таратқан деректерше қарағанда, ел аумағының көп бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, сондықтан күн жауын-шашынсыз болады. Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнайды. Республика бойынша оңтүстік – шығыста қатты жел, оңтүстікте — шаңды дауыл тұрады, батыста тұман болады деп күтілуде.

Жетісу, Жамбыл облыстарында жел тұрып, екпіні 30 м/с-ке жетеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Түнде Алматы, Жамбыл облыстарында 1-6 градус, Жетісу облысында 2-7 градус, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус үсік сақталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.