Жауын, қар, жел — алдағы 3 күнгі ауа райы болжамы

0 37

— Қазгидромет алдағы күндердегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.

«5-6 сәуірде Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, ал оңтүстігінде, оңтүстік – шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Таймыр аудандарынан жылжыған солтүстік циклонның әсерінен 6 сәуірде Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл мен найзағай, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі», — делінген Қазгидромет хабарламасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.