Бүгін батыс аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жауады

0 16

Қазгидромет бүгін батыс аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жауатынын болжады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республиканың басым бөлігі жоғары қысым алқабында болады, соған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батыс және солтүстік өңірлеріне атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Республика бойынша желдің күшеюі, батыста, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады», — деп жазды синоптиктер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.