— Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дяк ҚХА төрағасының орынбасары лауазымдарына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды», — делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған құжатта.