Фракция отырысында өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды

0 30

«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Фракция отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров пен облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиев қатысты.
Күн тәртібінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында өңірде атқарылатын жұмыстар және аймақтағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және еңбек дауларын шешу мен алдын алу жұмыстары бойынша мүдделі органдар өкілдерінің есептерін тыңдадық.

Басқосуда «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жамбыл облысы бойынша Жол картасы таныстырылып, талқыға салынды.
Жалпы, сайлау алдындағы уәделерді орындау нәтижесінде инженерлік-коммуникациялық, тұрғын үй және жол инфрақұрылымдарының өзекті мәселелері шешіледі, медициналық қөмек, білім беру және басқа да қызмет көрсету салаларының сапасы жақсартылмақ.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында бірқатар мәселелер бар. Атап айтқанда, облыс орталығынан шалғай орналасқан ауылдарда сүт қабылдау пунктер салу, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану мақсатында арық жүйелерін қалыпқа келтіру, тұрғындардың құқықанықтаушы құжаттарға салғырттығы, кепілге қоятын үйдің құжатын рәсімдеуді дұрыс жүргізбеуі. Сонымен қатар, Мойынқұм, Қордай, Сарысу секілді шалғай орналасқан аудандардағы кепілге қойылатын үйлердің бағалау компаниялары төмен бағада есептеуі.
Жемқорлық көріністерінің алдын алу үшін тұрғындар KEZEKTE.KZ цифрлық платформасы арқылы өтініш қалдыра алады. Нәтижесінде, тапсырылатын құжаттар 21-ден 7-ге дейін азайтылды.

Соңғы уақытта өңірдегі кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбек даулары жиі көтеріліп жүр. Оның ішінде Жаңатас қаласындағы “Казфосфат”, Тараздағы “Қамқор-Локомотив”, ЖЭС кәсіпорындары жұмысшыларының еңбекақысын көтеру, жұмыс жағдайын жақсарту мәселелері қаралды. Жиында осы мәселелер бойынша депутаттар тарапынан нақты ұсыныстар беріліп, іске асырылу барысы фракция бақылауына алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.