Осы аптада күн 33 градусқа дейін ысиды

0 15

 Қазгидромет синоптиктері 25-27 сәуір аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы күндері, атмосфералық фронттардың әсерінен батыста, оңтүстікте, еліміздің солтүстік аймақтарында күн жаңбырлы болады.

Оңтүстік-шығыста, 25-26 сәуірде шығыста түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, 25-26 сәуірде оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын жауады.

Еліміздің қалған бөлігіне Батыс антициклонының әсерінен күн ашық болады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыста және оңтүстік аймақтарда найзағай жарқылдайды.

Шаңды дауыл соғады, шығыста түнде көктайғақ, оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жауады.

Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 23-30 жылыға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында 20-27 жылыға дейін, шығыста 15-23 жылыға дейін, оңтүстікте 25-33 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 17-25 жылыға дейін біртіндеп жоғарылайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.