Танымал әнші Сиви Махмуди “Менің өмірім” бағдарламасында тұрмыс құруға дайын екенін айтып, жеке өміріндегі жаңалықтармен бөлісті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі тыңдарманын жақсы жаңалықпен сүйіншіледі. Күйеуімен ажырасқанына 2 жыл болған Сивиетта екінші рет тұрмыс құрмақ.
“Тұрмысқа шығайын деп жатырмын. Кей адамдар шабытты махаббаттан алады, маған үш балам мен ата-анам шабыт береді. Енді өмірлік серігім өмірге деген құштарлығымды ашса, жаңа леп берсе екен деймін. “Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан” демекші, маған серік болатын, балаларыма әке бола алатын адамды Алладан тілеп жүрмін. Ажырасқаныма екі жыл болды. Екі жылда қарым-қатынасқа дайын болдым деп айта алмаймын. Бірақ қазір тұрмысқа шығуға дайынмын. Өзімді ретке келтірдім, ойыды жинақтап, демалдым. 10 жыл отасып, ажырасу деген оңай емес. Өзіммен көп жұмыс істедім”, – дейді әнші.
Сиви Махмудидің айтуынша, ажырасқаннан кейін сезімін білдірген жігіттердің қарасы көбейген.
“Екі жылда сөз салған жігіттер көп болды. Бірақ олардың арасында менің адамым болмады. Кездескеннен кейін әрі қарай тұрмыс құратындай, нәтиже болатындай қарым-қатынаста болғым келеді. Енді жеке өмірім болашақтың еншісінде. Қанша жыл отассам да, өкінішке орай, әйел бақытын сезіне алмадым. Алдағы уақытта маған әйел бақытын сезіндіе алатын, балаларыма әке бола алатын ер азамат кездессе екен деймін”, – дейді Сивиетта.