«30 пайызға дейін қымбаттайды»: Қазақстанда жазда коммуналдық қызмет бағасы өседі

0 13

Қазақстанда жаз айларында электр мен жылу энергиясы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, биыл электр энергиясының тарифі шілде айынан бастап көтерілмек.

«Кейбір өңірлерде 10 пайыздан басталып, 30 пайызға дейін көтерілуі мүмкін», — деді Әлібек Қуантыров Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда жылудың жаңа тарифі жаңа жылу беру маусымынан басталады. Тариф мөлшері әр өңірде әртүрлі болады.

Сонымен қатар ведомство басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында жұмыс істеп жүрген адамдардың жалақысын көтеру керек екенін айтты. Себебі бұл салада жалақы аз болғандықтан, мамандар жұмыстан кетіп жатыр.

Министр еліміздің аумағында жылу беру желілері 85 пайызға дейін тозғанын айтып, бұл саладағы мәселені шешу бағытында тарифті көтеру ескерілгенін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.