Президент көтерген мәселелер: Бірлік, бірегейлік, мемлекеттік тіл, ҚХА сыйлығы мен ордені

0 20

Бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы өтті. «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында өткен іс-шара барысында Президент этносаралық қатынас, татулық, бірлік, тұрақтлық, тәуелсіздік, қазақ тілі мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, Ассамблеяның жаңа сыйлықтары мен орденін бекітуді ұсынды.

Қазақ тілін білуге ұмтылу қалыпты жағдайға айналуы керек

Сессия барысында Мемлекет басшысы барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі саясатымыздың стратегиялық бағыты болып қала беретінін баса айтты.

photoФото: voxpopuli.kz

«Қазақ тілі – азаматтық интеграцияның тиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек. Бұл – тек салалық министрліктердің ғана емес, бүкіл қоғам болып шешетін тарихи міндет. Осы ретте асырасілтеушілік пен даңғазалыққа жол бермей, парасатты әрі дәйекті түрде әрекет еткен жөн», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша, қоғамда мемлекеттік тілді үйрену, оны білуге ұмтылу қалыпты жағдайға айналуы қажет. Сонымен қатар қазақ тіліне сұраныс артқанда ғана ол көпшілік кең қолданатын тіл болады. Жалпы, бірнеше тіл білу – әр адамның мәдениеттілігінің белгісі. Ал мемлекеттік тілді, әсіресе ана тілін, яғни қазақ тілін білу – қандай да бір азаматтың мәдени өресі, азаматтық жауапкершілігі қаншалықты биік екенін білдіреді.

photoФото: ku.edu.kz

«Көпмәдениетті ортаны дамытып, барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жүйелі қадамдар жасау қажет. Жалпыұлттық азаматтық бірегейлік этникалық ерекшеліктерді жоққа шығармайды. Ол азаматтық қоғамның жаңа моделінің негізін қалыптастыруды көздейді. Қазақстандағы әрбір этностың өз дәстүрін, мәдениеті мен тілін дамытуға мүмкіндігі болды және бола береді», — деді Мемлекет басшысы.

Бірегейлігіміз – төлқұжатымыз бен туымыз

«Көгілдір төлқұжатымыз бен көк туымыз – тарихтың өзінен туындаған және миллиондаған адамдардың жүрегінде шынайы жауап тудыратын біздің бірегейлігіміздің нақты нышандары. Біздің төлқұжатымыз адамға этникалық тегіне, діни көзқарастарына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты құқықтар мен міндеттердің толық көлемін береді», — деді Мемлекет басшысы.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.