Мереке және демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) есепке алғанда қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Egov.kz мемлекеттік порталының күнтізбесіне сәйкес мамырда үш бірдей мереке бар.
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні
7 мамыр — Отан қорғаушы күні
9 мамыр — Жеңіс күні.
Осылайша қазақстандықтар мамыр мерекелерінде төрт күн демалады. Себебі 7 мамыр жексенбіге келіп тұр, оның демалысы 8 мамырға ауысады.
Еске салсақ, егер мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, онда демалыс күндері бір күнге ұзартылады.
Айта кетейік ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мереке күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.