Қазгидромет синоптиктері 11 шілде, сейсенбіде ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.
Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде 43 градус өте қатты ыстық болады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында жел екпіні — 15-20 м/с.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні — 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 11 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысының орталығында, шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. 11-12 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте үш күн қатарынан аптап ыстық. 11 шілдеде ауа температурасы — 36-39 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында күн күркірейді. Жел солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні — 15-20 м/с. 11-12 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қарағанды облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
11-13 шілде күндіз Ақмола облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 11-13 шілдеде төтенше өрт қаупі бар.
СҚО-ның Петропавл қаласында күндіз 36-38 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында — 15-20, екпіні — 23 м/с. 11-12 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-шығысында күн күркірейді. Облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық. 11-12 шілдеде Павлодар облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстікгінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солүстігінде найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде — шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні — 25 м/с. Күндіз облыстың шығысында 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
11-12 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші — 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Абай облысының орталығында, оңтүстік-батысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығысында соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында 35 градус қатты ыстық. Жоғары өрт қаупі сақталады.
11-13 шілдеде Алматы облысының басым бөлігінде 35-38 градус аптап ыстық.
Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл соғады. Күндіз 40-43 градус қатты ыстық сақталады. 11-13 шілдеде Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі бар.
Қостанай облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні — 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Астанада 11-13 шілде аралығында күндіз 35-38 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі бар.