Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

0 11

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисиді және Мысыр Араб Республикасының барша халқын ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Мысыр арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен берік ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.