Махачкаладағы жарылыс: Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айтты

0 16

Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты. «ZhambylNews» АА бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні Дағыстан астанасы Махачкала қаласында жанар-жағар май құю станциясында жарылыс болып, үлкен өрт болды.

Осы уақытта қаза тапқандар саны 27 адамға жеткені хабарланып отыр.

Үйінділерду ашу, адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Дағыстанда 15 тамыз аза тұту күні болып жарияланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.