Премьер-Министр Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездеседі

0 9

Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, «Қазақстан» шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасы мүшелерімен кездеседі, сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Шахтинск қаласында Премьер-Министр бірінші кезекте кеншілердің бірі – Артур Халиковтың анасымен және жұбайымен сөйлесті, кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов өткен жылдың қараша айында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан Арман Қашкейдің жұбайымен кездесті.

Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.

5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың бірінің денесі табылды. Қалған 3 адамды іздестіру жұмысы жалғасты.

Қарағандыдағы көмір шахтасында зардап шеккендердің арасында екі адам жансақтау бөлімінде жеткізілгені туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.