Өзбекстанда 70-тен астам бала уланып, ауруханаға түсті

0 16

Өзбекстанның Наманган облысындағы Чуст ауданында 9 балабақшаның 70-тен астам баласы мен 2 оқушы уланып, ауруханаға түсті. Олардың нақты неден уланғаны әзірге беймәлім. Әлеуметтік желіде улану себебі йод препаратынан болуы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.

Балалардың жаппай улануы туралы ең алдымен әлеуметтік желі қолданушылары хабарлады. Ата-аналар балаларына йод препараты берілгенін айтады (осы аптада Өзбекстанда балаларды йодтау бойынша апталық бағдарлама басталған).

Namanganliklar.uz Telegram арнасында жарияланған облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 21 қыркүйек күні сағат 16:00–ден бастап аудандық медицина бірлестігіне 71 бала түскен.

Олардың дене қызуы көтеріліп, кейбірінің іші ауырған, диарея болып, құсып жатқандары да бар.

Әкімшілік жедел жұмыс тобын құрып, зерттеу жұмыстарын бастады. Жағдайы тәуір 9 бала үйіне жіберілді. Қалған балалар бақылауда.

Аурудың нақты себебі әзірге анықталмады.

22 қыркүйек күні таңертең Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі Чусттағы балалардың жаппай уланғанын растайтын мәлімдеме таратты, бірақ оның ықтимал себептері мен зардап шеккендер санын нақтыламады.

«Бүкіл бала белгіленген стандарт бойынша емделіп жатыр. Қорытынды диагнозды қою үшін сынама алынып, талапқа сай зерттеледі» делінген хабарламада.

Жағдайды Денсаулық сақтау министрі бақылауға алды.

10 бала үйіне жіберілген. Министрлік қосымша ақпарат беруге уәде беріп отыр.

Түнде Бас прокуратураның баспасөз қызметі улану фактісі бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Жағдай прокуратураның бақылауына алынған.

«Кәмелетке толмағандардың неден уланғаны әзірге белгісіз болғандықтан жұртшылықтан жалған ақпарат таратпауды сұраймыз» делінген хабарламада.

Бас прокуратура әлеуметтік желілерде Чустта төтенше жағдай енгізілді деген ақпаратты жоққа шығарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.