Мүлік салығы пәтер иесінің жұбайына есептелсе не істеу керек? Бұл сауалға Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезінде жинаған мүлiк — олардың бiрлескен ортақ меншiгi (Неке және отбасы туралы кодекстің 33-бабы).
Ортақ бірлескен меншікте өзара келісім бойынша мүлік иелерінің бірі салық төлеуші болып табылады.
«Егер салық сомасы барлық меншік иелеріне келсе, онда меншік иелерінің біреуі ғана төлем жасайды. Ортақ үлестік меншікте осы мүліктегі үлесіне сәйкес мүліктің барлық меншік иелері — салық төлеушілер. Мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті орган (Азаматтарға арналған үкімет) жіберген мәліметтердің негізінде ерлі-зайыптылардың біріне мүлік салығын есептейді» дейді комитеттен.
1 қазанда 2022 жыл үшін жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.
Алайда 1 қазан демалыс күні екенін ескерсек, төлем мерзімі — 2 қазан.
«Қате төлем болмас үшін көрсетілген деректемелерді пайдалана отырып, төлемді бір уақытта төлеу мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында „Алдағы төлемдер“ сервисінде және E-salyq Azamat мобильді қосымшасынан, сондай-ақ банктердің „Kaspi.kz“ және „Halyk Bank“ мобильді қосымшаларында көруге болады» дейді МКК.