Бразилияның солтүстік-шығысында бір топ ғалымдар соңғы рет екі ғасырға жуық уақыт бұрын кездескен Пернамбуку ағашының төрт дарасын тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Биіктігі 12 метрден аспайтын, көзге қатты түспейтін Ilex sapiiformis ағашының тағы бір атауы — Пернамбуко. Бұл ағаш түрі әлдеқашан жойылып кетті деп саналған.
Таңғаларлық жаңалықты эколог Густаво Мартинелли басқарған экспедиция ашты.
Олар ағашты бір кездері қалың тропикалық орман болған, ал қазір негізінен қант құрағы плантациялары қоршап өскен қалалық Игарасу ауданынан тапты.
Зерттеушілер Ilex sapiiformis ағашын іздеп осы аймақты алты күн бойы шарлады.
«Пернамбуку — Search for Lost Species жобасы бойынша жоғалған деп саналып, ең көп ізделген 25 өсімдік түрінің бірі», — деп хабарлайды Re: Wild ғылыми порталынан.
Экологтар бұл ағаш түрін өсіру бағдарламасын қолға алмақ.
Ресифи ботаника бағының қызметкерлері одан тұқым жинау үмітімен ол өсіп тұрған жерге апта сайын келіп жүр.
«Іздеу әлі аяқталған жоқ! Команда жергілікті серіктестермен қосымша іздеу жұмыстарын ұйымдастыруға ниетті», — делінген Re: wild мәлімдемесінде.