Тұман, шаңды дауыл, жаңбыр: 8 қарашаға арналған ауа райы болжамы

0 2

Қазгдромет синоптиктері 8 қараша, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды.

Еліміздің батысында және оңтүстігінде циклон мен атмосфералық фронттарға байланысты жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстік-батысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауып, жел күшейеді.

Қазақстан бойынша тұман түседі, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.