Қарасу ауылында кіші жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті

0 9

Қарасу ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде Өтеген Өтеғұлұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен 2008-2009 ж.т кіші жасөспірімдер арасында облыстық турнирі өтті.

Аталған жарысқа Тараз қаласы мен Жамбыл ма облыстарының аудандары Талас, Мойынқұм, Т. Рысқұлов, Сарысу, Жуалы, Жамбыл және Қордай ауданы командаларынан 100 астам балуандары боз кілемде күш сынасып, өз шеберліктерін көрсетті.

Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы Сүгірбай алғашқы құттықтау сөзінде ұлттық спорттың дамуы оның ішінде қазақ күресі ерекше мәң беруге болатынын айтып, өз үлестерін қосқан Өтеген батыр ұрпақтарына алғысын айтып, жас балуандарға сәттілік тіледі.

Соңымен қатар, Жилкибеков Шернияз ақсақал атамызға құрмет көрсету ретінде шапан жауып, өзінің батасын берді.

Айта кетсек, Өтеген батыр жүлдесіне арналған турнир болашақта Республикалық турнир болып, күнтізбелік жоспарға енгізуге жұмыстар жүргізілуде.

Осы жарыста Қордай ауданының балуандары жүлделі орындарға ие болып, қапы қалмады.

Жүлделі орындарға ие болған балуандар медаль, диплом және ақшалай қаражатпен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.