Аяз, көктайғақ: 8 желтоқсанға синоптиктер болжамы

0 30

8 желтоқсанда республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, онымен аязды, негізінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кazinform бұл туралы «Қазгидрометке» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр, қар, көктайғақ болжанады. Шығыс өңірлерде онымен қоса, бұрқасын болады.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Еске салайық, 7 желтоқсан күні, сағат 18.00-ден бастап аязға байланысты Астана қаласынан шығатын барлық республикалық жолдар жабылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.