Авиарейстердің құны бір бағытта 27 000 теңгені құрайды, деп хабаралайды Kazinform.
Әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында QAZAQ AIR әуекомпаниясы 14 қаңтардан бастап Қостанай-Түркістан-Қостанай бағыты бойынша әуе рейсін іске қосады. Рейстер сейсенбі және жексенбі күндері, яғни аптасына 2 рет кесте бойынша орындалады.
Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытта 27 000 теңгені құрайды. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік бар. Қол жүгін тасымалдау нормасы 5 келі болса, багаж 20 келі.
Ұшу күнін өзгерту және билеттерді қайтару тегін.
Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістаннан Әбу-Дабиге 20 000 теңгемен баруға болатындығын жазған болатынбыз.