Ұлттық экономика министрлігінен Қазақстанға қайтарылған активтердің қайда жұмсалып жатқаны айтылды.
«Мен активтерді қайтару комиссиясына енді мүше болып жатырмын. Сондықтан қазір толық ақпарат жоқ», — дейді Премьер-Министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Одан әрі Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов сөз алды.
«Активтерді қайтару бойынша Қаржы министрлігінің жанынан жеке қор құрылды. Бүгінде 1 трлн теңгеге жуық қаражат қайтарлды. Ол жерде тек ақшалай емес, активтерде бар. Сондықтан біз ол активтерді нарыққа шығаруымыз керек. Одан келген қаржыны еліміздің әлеуметтік мәселелерін шешуге жіберетін боламыз. Бүгінгі күнге біз бар ақпаратқа сәйкес, қаражат ауруханалар мен мектептер салуға жұмсалып жатыр. Оның ішінде мектеп салуға шамамен 200-300 млрд теңге жіберілді», — деді министрдің орынбасары.