Президент «Ару-Ана» үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады

0 9

Президент Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиында «Ару-Ана» үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұл жолы марапат түрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге алты номинация бойынша табысталды.

«Ару-Ана» байқауының жеңімпаздары:

1. «Ауыл әйелдерін дамытуға арналған үздік жоба» номинациясы бойынша – Елшібаева Бақытгүл Қазезбайқызы;

2. «Ғылым саласындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы;

3. «Азаматтық сана-сезімді дамыту бағытындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Ахмеджанова Әлия Серікболқызы;

4. «Ұлттық мәдени мұраны насихаттау бағытындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Михалёва Анастасия Анатольевна;

5. «Агробизнес саласындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Арқашбаева Ботагөз Махамбетқалиқызы;

6. «Креативті индустрия саласындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Еділбекова Мәдина Еділбекқызы;

Салтанатты жиыннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелмен әлем әдемі» атты мерекелік концертті тамашалады.

Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Leave A Reply

Your email address will not be published.