Елордада қар тазалау жұмыстарына 2,5 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Астана әкімдігі сайтының хабарлауынша, 14 наурыз күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 1 200-ге жуық арнайы техника мен 2 500-ден аса жол жұмысшысы шыққан.
13 наурыздан 14 наурызға қараған түні Астанадан 1 500-ге жуық ауыр жүк, яғни, 20 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Қыс басынан бері полигондарға барлығы 462,7 мың жүк көлігінің көлеміне тең 6,26 млн текше метр қар жеткізілді.
Қалада қар тазалау тәулік бойы жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.
Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болу, жылдамдық режимін сақтау сұралады.