Президент «Жасанды интеллектіні басқару жөніндегі жаһандық бастамасын» қолдады

0 12

«Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік» деген тақырыпта Қытайдың Хайнань провинциясында өтетін Боао Азия форумының пленарлық сессиясында Мемлекет басшысы Қытайдың «Жасанды интеллектіні басқару жөніндегі жаһандық бастамасын» қолдады.
Қазақстан Президенті жаһандық экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз ету үшін технологиялық ынтымақтастықты, әсіресе, жасанды интеллект саласындағы ықпалдастықты нығайту маңызды деп санайды.
Сондай-ақ Қазақстан бірлескен инновациялық IT-жобаларды жүзеге асыру мақсатында Азияның жетекші технологиялық алпауыттарымен серіктестік орнатуға мүдделі екенін мәлімдеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, шикізаттың аса маңызды түрлерін өндіру ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыты саналады.
– Сирек кездесетін металдар көптеген технология үшін аса маңызды компонентке айналды. Олар өнеркәсіп, цифрлық технологиялар, ғарыш және қорғаныс сияқты стратегиялық салаларда мүлдем қалдық болмайтын деңгейге жету үшін қажет. Біз уран, литий, титан және басқа да сирек кездесетін элементтердің ірі кен орындарын игерудің ең тиімді тәсілдерін қолдану мақсатында халықаралық серіктестермен бірлесе жұмыс істеуді жалғастыра береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жасанды интеллектті түрлі салада пайдалану туралы ойын Мемлекет басшысы Атырауда өткен ұлттық Құрылтайда да баса айтты. Бүгінде аталған технология тек өндіріс емес, әлеуметтік салаларда да енгізіле бастады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.