Тараз металлургия зауытында трансформатордан өрт шықты

0 8

 Өрт сөндірушілер металлургия зауытындағы отқа оранған трансформаторды сөндірді. 

Бүгін түнде Тараз қаласындағы металлургия зауытының аумағында жоғары вольтты трансформатор жанды.

Өрт сөндіру жұмысын трансформатордың багындағы 60 тонна май қиындатты.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында тілсіз жау жақын маңдағы трансформаторлар мен зауыт ғимаратына таралмады.

Жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыды.

ТЖМ күш-құралдары отты сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.