Бүгін еліміз бойынша 70 жаңа мектеп ашылды

0 15

Бүгін еліміз бойынша 70 жаңа мектеп ашылды. Оның бірқатары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қаласындағы №103 мектептің ашылу салтанатына қатысты.

Ведомства басшысы оқушыларды 2024-2025 оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол мемлекет тарапынан балаларды сапалы біліммен, саналы тәрбиемен қамту бағытында жасалып жатқан шараларды атап өтті.

мектеп
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

1 қыркүйекте 90 мыңға жуық оқушы қолданысқа биылғы жылы берілген, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған су жаңа мектеп парталарына отырды. Ал 200 мыңнан астам бала күрделі жөндеуден өтіп, қайта жабдықталған мектептерде білім алады.

«Бүгін ұстаздардың өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі орасан еңбегін атап өткім келеді. Ұлттың ағартушы ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы «Ұстаз — ұлт келбеті» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан ағартушылық миссиясын адал атқарып жүрген ұстаздардың еңбегі лайықты түрде жоғары бағалануы тиіс. Биылғы оқу жылы жоғары жетістіктер мен толағай табыстарға толы болсын!» — деді Ғани Бейсембаев өз құттықтауында.

мектеп
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Кazinform

Естеріңізге сала кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқушы орнының жетіспеушілігі мәселесін шешуге және қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Жобада функционалды және қауіпсіз білім беру ортасын құруға ерекше назар аударылады.

Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
мектеп
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Кazinform

Бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. Сондай-ақ заманауи техникалық құралдарды енгізу арқылы қауіпсіздік шараларын арттыру, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін кедергісіз орта қалыптастыру, мектепті заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау талап етіледі.

мектеп
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Кazinform
мектеп
Leave A Reply

Your email address will not be published.