Қазақстан онлайн-қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшы елдің қатарына кірді

0 2

Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында ілгері жетістіктерді көрсетіп отыр. Біздің еліміз 193 мемлекет арасында 24-ші орында, сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшының қатарына кіреді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстанда интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті.

Сонымен қатар биометриялық сәйкестендіру және QR-қолтаңба қызметтері енгізілуде, бұл электронды қызметтерді алу үдерісін едәуір жеңілдетті. 2024 жылы QR-кодтардың көмегімен 8 млн-нан астам қол қойылды, ал Digital ID жүйесі арқылы 18 млн-нан астам сәйкестендіру жүргізілді.

«Электронды үкімет» платформасын жетілдіру және жаңғырту процесі үздіксіз және үшінші нұсқаға көшудің белсенді кезеңінде. Жаңа eGov ЖИ технологияларын қолдану арқылы айтарлықтай тұрақты әрі ыңғайлы болады.

Қазақстан Тәжікстан, Того, Сьерра-Леоне сияқты елдермен электронды үкімет саласындағы озық шешімдерін бөлісе бастады. Мемлекет тіркеуден бастап компанияларды таратуға дейінгі қолдаудың толық циклін қамтамасыз ете отырып, бизнес үшін де осындай сервистерді әзірлейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2025 жылға қарай 20 мың IT-маман даярланатынын жазған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.