Нөсер жаңбыр, 40 градус ыстық: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

0 4

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2025 жылғы 31 мамыр мен 2 маусымға арналған ауа райы болжамын таратты. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлады.

– Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, екпінді жел соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлады «Қазгидромет».

1 маусымда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 2 маусымда батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады. Батыста және солтүстік-батыста қарқынды аптаптың төмендеуі күтіліп отыр.

Еліміздің қалған аумағында ауа температурасының біртіндеп жоғарылайды. Күндіз орталықта, ал оңтүстікте 35-40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.