Алматыдан 321 шықырым жерде жер сілкінді

0 3

Қазақстандық сейсмологтер бүгін таңертең жер сілкінісін тіркеді.

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының мәліметінше, Астана уақытымен 8:29-да сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.

Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 321 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Қазақстан аумағында сезілуі туралы мәлімет жоқ.

Айта кетелік кеше Астана уақытымен сағат 8:33-те Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелген еді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.