Ел өңірлері жылу маусымына дайын ба

0 2

Ел аумағында жылу маусымына дайындық жұмысы туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтып берді.

— Қысқа дайындық тұрақты жүріп жатыр. Жылу орталықтарының бекітілген жүйелі кестесі бар. Қазір 10 энергоблок, 63 қазандық пен 39 турбинаны күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қалғаны ағымдық жөндеуден міндетті түрде өтеді. Сондай-ақ бүгінде 5 энергоблок, 30 қазандық, 18 турбина бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жалпы стансалары жағынан жөндеу жұмыстары кесте бойынша толық көлемде жүзеге асып жатыр, — деп жауап берді Сұңғат Есімханов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында агенттік тілшісінің сауалына.

Одан әрі министрдің орынбасары жылу желілерінің қысқа дайындығын сөз етті.

— Өңірлік кесте бар, мысалы стансаларды республикалық кестемен қарастырсақ, желілерді жөндеу уақыты мен көлемін әр өңір өзі бекітеді. Бұл жұмысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірге қадағалап отырмыз. Бірінші кезекте тарифтен бөлінетін қаражат есебінен, екінші кезекте республикалық бюджеттен биыл 40 млрд теңге қаражат бөлінді. Сол қаражаттың есебінен және қосымша жөндеу кезінде анықталған тұстарға Үкімет резервінен бөлінетін тиісті қаражат есебінен жүзеге асып жатыр. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс толық бақылауда. Барлық нысан жылумен қамтамасыз етіледі, — деп уәде берді вице-министр.

Айта кетсек, биыл елімізде 105 гидротехникалық құрылысқа тексеру жүргізіледі.

Сондай-ақ Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев артта қалған өңірлерді республикалық бюджеттен қаржыландыруға басымдық берілетінін айтып отыр.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.