Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0 2

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков пен қала әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы Дамир Исмаилбекұлы «Ұлы Дала» (15) шағын ауданындағы тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында 15 шағын аудандағы №43 жер телімінде орналасқан 14, 15, 16, 17-шекаралық белгілер бойынша электр жарығына қатысты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, Ортақ меншік иелерінің бірлестігі (ОСИ) бойынша да тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, аталған жүйенің жұмыс істеу тәртібі мен тиімділігі жайлы ақпарат берілді.

Жиында тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берілді және инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларындағы өзекті мәселелер бойынша ашық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.