Мемлекет басшысы Португалия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

0 2

Мемлекет басшысы Лиссабон орталығындағы апатқа қатысты Португалия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Президент Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соуза мен барша португал халқына көңіл айтты. Қазақстан Президенті бақилық болғандардың туыстарын сабырға шақырып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестігін жеткізген, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Португалия билігі көптеген адам қаза тауып, жарақат алған «Глория» фуникулеріндегі апатқа байланысты ұлттық аза тұту жариялаған болатын.

3 қыркүйекте Лиссабондағы туристер арасында танымал «Глория» фуникулері рельстен шығып кеткен еді. Апаттан 15 адам мерт болып, 18 адам жарақат алды, соның ішінде бесеуінің жағдайы ауыр екені хабарланған болатын.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.