Ауыз қуысы қатерлі ісігі: білінбейтін ауру туралы не білу керек?

0 19

Алматы онкологиялық орталығының дәрігері Гүлбану Нақысбектің айтуынша, ауыз қуысы қатерлі ісігінің алғашқы көріністері ұзақ уақыт емделмейтін жара, ақ немесе қызыл дақтар болуы мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұндай жағдайда адам көбіне стоматит немесе жарақат деп қателеседі. Бірақ олар екі аптадан артық уақыт кетпесе, медициналық кеңес қажет.

«Ауру ауырсыну немесе қан кету арқылы да көрінеді. Осындай кезеңдерде науқастар бізге жиі жүгінеді. Бірақ ауыз қуысы қатерлі ісігін әлдеқайда ертерек анықтауға болады. Сондықтан ауыздағы кез келген өзгеріс кезінде дәрігерге бару керек», — деді онколог Гүлбану Нақысбек.

Маман темекі шегу, ішімдік ішу, шырышты қабықтың созылмалы жарақаттары, сондай-ақ, адам папилломавирусы (АПВ) қауіпті факторлар екенін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.