«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 9-11 қыркүйек күндерінің күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Kazinform.
— Алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігіне ауа райы батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық ағындар әсер етеді. Кей аудандарда найзағай ойнап, жауын жауады. 9-10 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9-11 қыркүйекте шығыста, 10-11 қыркүйекте оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында нөсер жауын, бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, түнде және таңертең Қазақстанның орталығында тұман түседі. Еліміздің оңтүстігінде дауыл соғады, — деп хабарлайды синоптиктер.
Қазақстанның батысында түнде 5-16 градусқа дейін суытады, күндіз 18-25 градусқа дейін жылы; республиканың солтүстік-батысында түнде 1-11 градус суық, күндіз 8-16, облыстың оңтүстігінде 23 градус; солтүстік облыстарда түнде 5-10, күндіз 9-15, орталықта түнде 5-13, күндіз 13-21, шығыста түнде 3-11, күндіз 10-20 градус жылы.
Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Осыған дейін Ақтауда «ҚазАзотқа» атмосфераны ластағаны үшін 8,5 млн теңгеге айыппұл салынғаны туралы жаздық.