Бектенов дәрі-дәрмек бағасы бойынша тапсырма берді

0 2

Бүгінгі Үкімет отырысының қорытындысы бойынша премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді.

«Денсаулық сақтау министрлігі монополияға қарсы органмен бірлесіп, бөлшек саудада дәрі-дәрмек бағасы негізсіз өсуіне жол бермесін», — деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар, дәрілерді дер кезінде жеткізуге қатысты мәселелер де туындаған. Логистика мен сатып алу рәсімдері созылып кететіні тағы бар. Ал көптеген науқас дәрі-дәрмекті үзбей, кестеге сай ішуі қажет.

Премьер-министр осы бағыттағы жұмысты да күшейтуді тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.