Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету процестерін оңтайландыру және қауіпсіздікті арттыру үшін жасанды интеллектіні белсенді пайдалануды жоспарлап отыр.
Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді.
«Министрлік дәрі-дәрмектерді уақытылы жеткізу кезінде ЖИ-ді пайдалануды жоспарлап отыр. Жасанды интеллект жалған рецепттерді анықтау үшін де қолданылады», — деді Тимур Мұратов.
Вице-министрдің сөзінше, бұл жұмыстар Президенттің саланы ауқымды цифрландыру бойынша берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатыр.