Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында ардагерлер орталығы ашылды. Бұл ауыл ақсақалдарының көптен бергі арманы еді. Жаңа орталық кітапхана ішінде орналасқан. Мұнда кеңес мүшелері елдегі өзекті тақырыптарды талқылап қана қоймай, жастарға патриоттық тәрбие беруді көздеп отыр.
Әсіресе ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды дәріптеу маңызды. Сонымен қатар аға буын өкілдері үшін компьютерлік сауаттылықтарын арттырып, интернеттің игілігін пайдалануға да бар жағдай жасалған. Марат Түңлікбаев, Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: — Ақсақалдар дән риза, баталарын беріп жатыр.
«Рухани жаңғыру», осылардың барлығын насихаттау, Мәңгілік ел болу жолында жастарға үгіт-насихат жүргізу – біздің ақсақалдардың міндеті. Одан кейін бұл жерде жастар мен ардагерлеріміздің шахматтан, дойбыдан жарыстары өтіп жатады.
Дереккөз:24.kz