«Қазгидромет» синоптиктері ел аумағында алдағы 3 тәулікте тұрақсыз ауа райы болады деген болжам жасап отыр.
Циклондар мен атмосфералық фронттардың әсерінен шығыс пен солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, тұман тұрады. Мамандар жергілікті тұрғындарға көктайғақтан абай болуларын ескертеді. Ал оңтүстік облыстың кей жерлерінде жауын-шашын өтіп, ауа райы аздап суытады деп күтілуде.
Айгүл Алданбергенова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:
— Астана қаласында 27-28 наурызда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауаның температурасы түнде 8-10 градус нөлден төмен болса, күндіз 0-2 градус аязды көрсетеді. 29 наурызда күндіз жауын-шашын күтіледі, ауаның температурасы түнде 6-8 градус нөлден төмен болса, күндіз 3-5 градус жылы күтіледі. Алматы қаласында 27-28 наурызда кей уақытта жаңбыр күтіледі. Ауаның температурасы түнде 7-9 градус жылыны көрсетсе, күндіз 12-14 градус жылыны көрсетеді.
Дереккөз: 24.kz