Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, қар жауып, кей жерлерде нөсер жауын жауады. Дегенмен елдің батысында және оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zhambylnews АА Қазгидрометке сілтеме жасап.
Еліміздің оңтүстік бөлігінің кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с болады. Түнде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады деп болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі мүмкін деп болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, түнде көктайғақ болад.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетуі мүмкін.
Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында күндіз, Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерде түнде тұман түседі.
Алматы облысының кей жерелерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ғ дейін жетеді.