Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы бүгін Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
Сапар барысында Мемлекет басшысы бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандармен танысады. Қарағандыда Президенттің төрағалығымен еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өтеді.
«Бағдарламаға сәйкес түстен кейін сапар Жезқазғанда жалғасады. Онда Қ.Тоқаев мыс балқыту зауытының жұмысымен танысады. 24 тамызда Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Халықаралық туризм форумына қатысады және ІІ «Жезкиік» халықаралық музыка фестиваліне барады»,-делінген хабарламада.
Дереккөз: inform.kz