Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларының жастары жалдамалы пәтерге ие болуы үшін қандай құжаттарды өткізуі тиіс? Толыққанды құжаттар тізімін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтып берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Ережеге сәйкес, өтініш қабылдау басталғаннан кейін үміткерлер мынадай құжаттарды тапсыруы керек: өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, білімі туралы құжаттың көшірмесі, неке қию туралы құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда), балаларының тууы туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда), өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама, жұмыс орнынан анықтама, өтініш берушінің банк шотының болуы және оның нөмірі туралы анықтама, банк шоты бойынша ақшаның қалдығы мен ай сайынғы айналымы туралы үзінді, өтініш берушінің түрлі қызмет саласындағы жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда)», — деді Мадияр Қожахмет.