«Ұлттық тестілеу орталығының» директоры сотталды

0 3

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК директоры пара алғаны үшін сотталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК директоры Р.С.Әлімқұловқа қатысты пара алды деген деген күдікпен жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

«Ол қонақ үй қызметін көрсету бойынша шарттарды бұзбағаны, орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны, жүгенсіздікке жол бергені және жалпы қамқорлығы үшін 5 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелген. 22 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Әлімқұлов пара алды деп айыпталып, 3,5 жыл бас бостандығынан айырылды. Аталған тұлға мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, мамыр айында «Ұлттық тестілеу орталығының» бұрынғы және қазіргі директорлары сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінген болатын.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.