Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды

0 1

Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Президент Әкімшілігі жанынан Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды. Мемлекет басшысы мұндай институт құру туралы 2020 жылдың 24 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. Орталыққа Президент Әкімшілігі басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Т.М.Сүлейменов басшылық етеді», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді. Орталықтың негізгі міндеті – бейтарап сараптама әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау.

Leave A Reply

Your email address will not be published.