Екі облыста ескерту жарияланды

0 0

Ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын көтеріледі. Облыс аумағында және Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

28 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан күшті жел соғады.

Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Петропавл қаласында күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны — 15-20 м/с.

Leave A Reply

Your email address will not be published.