«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев отандық еңбек нарығында сұранысқа ие болған мамандықтар тізімін атады, деп хабарлайды «ZhambylNews” АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жұмыс орындарына келсек, қазір механизаторлар, жүргізушілер, аспаздар, тәрбиешілер, тігіншілер, сауда өкілдері, даяшылар көп сұранысқа ие. Көп жағдайда мұнда колледж түлектері жұмыс істейді және бірқатар санат арнаулы білімді талап етпейді», — деді О. Ордабаев «ЖОО рейтингі: Қазақстандағы ең жоғарғы және төменгі көрсеткіштер» онлайн конференциясында.