KASE-де доллар бағамы наурыз айынан бері бірінші рет 400 теңгеден төмен түсті, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.
Таңертеңгі сессияның қорытындылары бойынша, KASE-де доллардың орташа бағамы 396,77 теңгені құрады.
Бұл алдыңғы күн кешіне қарағанда 5,5 теңгеге аз: бұл күні америкалық валюта 402,27 теңгеге сатылған.
Атап өтейік, Қазақстанда осындай көрсеткіштер соңғы рет наурыз айында белгіленген.
Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласының валюта айырбастау пунктерінде доллар 399-404 теңгеге сатылып, 395-400 теңгеге сатып алынуда.