Елімізде Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылады-Тоқаев

0 0

Елімізде Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Жиынға Мәжілістің — 98 және Сенаттың 44 депутаты қатысып отыр. Палата отырысына депутаттық корпустан бөлек, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда қатысуда.

Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары да отырысқа келген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.