Бүгін Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ауылшаруашылығы жерлерін айналымға енгізудің өзге де әдіс –тәсілдерін әзірлеуді жүктеді,-деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.
— Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ, Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуі тиіс. Аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет. Кәсіби мамандардың тапшылығы, сонымен қатар аграрлық ғылымның ойдағыдай дамымауы — осы саладағы қордаланған мәселелер, — деді Президент.