Қырғыз халқы қазіргі күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады — Берік Уәли

0 4

Қырғыз халқы қазіргі күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

«Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады деп пайымдайды», — делінген желіде жарияланған жазбада.

Айта кетсек, 5 қазанда Қырғызстанда наразылық білдірушілер парламенттік сайлаудың нәтижесін әділ емес және заңсыз деп санайтынын білдіріп, қақтығысты. Нәтижесінде, олар Ақ үйді басып алып, бұрынғы президент Атамбаевты босатты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.